Атырауда өткен Ұлттық құрылтай еліміздің экономикасын өркендету, азаматтардың өмір сүру сапасын арттыру, өңірлерді кешенді дамыту мәселелері Мемлекет басшысының тұрақты назарында екенін көрсетті. Бұл туралы Мемлекеттік Кеңесші Ерлан Қарин телеграм арнасына жазды. Президент үшін Ұлттық құрылтай ел дамуының ең өзекті мәселелері бойынша өз ұстанымын белгілей алатын тағы бір үлкен алаңға айналғанын жеткізді. Жұмыс секциялары мен жалпы отырыста айтылған пікірталастарға, идеяларға, бастамаларға кері байланыс пен жедел, әрі жүйелі жауап берудің тиімді құралы деп қарауға болады. Сонымен бірге, Президенттің құрылтайдағы сөзі жұртшылықты толғандырған бірқатар мәселелерге жауап болды. Оның ішінде, жаңа тұрғын үй бағдарламасы, транзиттік-көлік әлеуеттін нығайту, көгілдір отын желілерін жаңғырту, сандық жүйені жетілдіру жайы бар деп жазды.