Елімізде Наурыз мерекесі жаңа форматта тойланып жатыр. 14 наурызда Наурызнамның онкүндігі басталды. Ал бүгін – Ұлттық киім күні аталып өтуде. Бұл күні түрлі сала қызметкерлері, студенттер мен оқушылар заманауи стильдегі ұлттық костюмдер киіп, дәстүрлі әшекейлер тағады.
Осыған орай, ұйымдастырылған «Ұлттық сезім» челленджіне қазір 200-ден астам компания, білім беру ұйымдары, Ұлттық спорт қауымдастығы мен оның федерациялары қолдап, қатысушы саны 20 мыңнан асты. Жобаның басты мақсаты – салт-дәстүр мен мәдени мұраны сақтап, тарату, ұлттық киім қолөнері мен нарығын дамыту, осы салада жұмыс істейтін жас дизайнерлер мен қолөнершілерге қолдау көрсету.
Динара Жақыпбек