Бұл бейнекөрністе, құтқарушылар құдыққа түсіп кеткен әйелді құтқарып жатыр. Оқиға Түркістан облысының Майтөбе ауылында болған. Зардап шеккен тұрғынға көмектесу үшін төтенше жағдай қызметі мен полициядан 31 адам 5 техника жұмылдырылды. Әйелге қосымша құрылғымен ауа жіберіліп тұрды. Араға үш сағат салып барып, оны 40 метр тереңдіктен алып шықты.
Басында ес-түссіз күйде болған соң, жедел жәрдем қызметкерлері көмек көрсетпек болған. Алайда ол көп ұзамай оқиға орнында көз жұмды. Тергеу басталды.