Қоғам өкілдері: Бизнесмендер әлеуметтік салаға көңіл бөлуі керек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қоғам өкілдері: Бизнесмендер әлеуметтік салаға көңіл бөлуі керек

18.03.2024

«Бизнесмендер әлеуметтік салаға көңіл бөлуі керек. Өйткені біздің елде халыққа жанашыр іскер азаматтар баршылық». Қоғам белсенділері осындай пікірде. Атырау өңірінде өткен үшінші Ұлттық құрылтайда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев аймақтарда өз қаражатына мешіт салып, сауапқа кенеліп жүрген кәсіпкерлерді мектеп, жатақхана, аурухана, кітапхана, мұражай немесе спорт сарайларын тұрғызуға шақырған еді. Президенттің бұл пікірін құптағандар көп. Олардың айтуынша, ел дамуы үшін әр азамат өзіндік үлесін қосуы керек.

Талғат Қалиев, Қолданбалы этносаяси зерттеулер институтының директоры:

Қазіргі бизнесмендер мектеп салса бизнес үшін салады. Ол мектепке кедей адам бара алмайды. Кезінде Түркияда жасалған жоба ол – бизнесмендер жиналып мектеп салып, балаларды тегін оқытатын. Сондай мектеп құру керек. Сауап деген бар ғой. Сен мектеп салсаң, ол мектепте қанша бала оқиды, қанша оқыған бала өмір сүреді сол бойы сауап ала бересің. Өйткені оның атын айтып отырады, кісілер рақмет айтады, батасын береді.


Хабарламаларға жазылу