Премьер-Министр Еуразиялық даму банкінің басқарма төрағасы Николай Подгузовпен кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Премьер-Министр Еуразиялық даму банкінің басқарма төрағасы Николай Подгузовпен кездесті

19.03.2024

Премьер-Министр Олжас Бектенов Еуразиялық даму банкінің басқарма төрағасы Николай Подгузовпен кездесті. Кездесуде инфрақұрылымдық жобаларды бірлесіп іске асыру мәселесі талқыланды. Былтыр Еуразиялық даму банкі еліміздің түрлі секторындағы бірқатар инвестициялық жобаны қаржыландырған. Олардың қатарында полипропилен шығаратын зауыт, магистральдық тепловоздар сатып алу, Қостанай облысындағы жел электр станциясын салу жобасы бар.

Ал биыл бұл банк ел экономикасына 1 млрд доллар инвестиция құйды. Бұл қаржы көлік, өнеркәсіп, энергетика және әлеуметтік инфрақұрылымды жақсартуға жұмсалады.

Ақмаржан Ғафиз

Хабарламаларға жазылу