Алматы облысында жоғалып кеткен 3 жасар қыз әлі табылмай жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы облысында жоғалып кеткен 3 жасар қыз әлі табылмай жатыр

19.03.2024

Алматы облысында екі күн бұрын жоғалған 3 жасар қыз бала әлі табылмай жатыр. Іздестіру жұмыстарына 300 адам жұмылдырылған. Арасында арнайы жасақ инспекторлары мен кинологтар бар. Оған еріктілер де қосылған.

Қазір арнайы дайындалған иттердің көмегімен кең ауқымды іздеу шаралары жүргізіліп жатыр. Айта кетейік, 17 наурыз күні Еңбекшіқазақ ауданы, Күш ауылында тұратын бүлдіршін үйінен шығып кетіп, оралмаған. Мұны полицияға қыздың анасы хабарлаған.

Қуан Нұрақын


Хабарламаларға жазылу