Мемлекеттік кеңесші Парламент Мәжілісіндегі алты саяси партияның фракция жетекшілерімен кездесті. Басқосуда Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында Мемлекет басшысы берген тапсырмалар мен бастамаларды тиімді жүзеге асыру жолдары талқыланды. Ерлан Қарин Президент бастамасын нақты орындау үшін заңнамалық тұрғыдан қолдау көрсету және оған депутаттардың белсенді атсалысуы қажет екенін атап өтті.
Ерлан Қарин, ҚР Мемлекеттік кеңесшісі:
Бұл кездесудің негізгі мақсаты Мемлекет басшысының Ұлттық құрылтайдағы көтерген жаңа бастамаларының жүзеге асыру жолдары. Идиологиялық құндылықтарын бір жаңа жүйесін жинақтап, жүйелеп соны қоғамға ұсынған болатын. Сондықтан, бұл құндылықтар алдағы уақытта мемлекет тарапынан жүргізілетін қоғамдық, мәдени, гуманитарлық саладағы жұмыстың негізін қалыптастырады.