Баспаханаларды салықтан босату ұсынылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Баспаханаларды салықтан босату ұсынылды

20.03.2024

Мәжілісте бір топ депутат кітап пен газет-журнал шығаратын баспаларды 10 жылға салықтан босатуды ұсынды.

Мәжілісмендер мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайда айтқан бастамаларын талқылап, оларды заңмен бекіту керек деді.

Солардың бірі кітапханалар ісін жандандырып, оқырмандар санын арттыру. Депутаттар бұл үшін Ұлыбритания, Үндістан, Бразилия сынды 39 елдегідей баспалардан құн салығы алуды тоқтату керек дейді.

Елнұр Бейсенбаев, ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты:

Ол көп қаражат емес. Салықтан босататын болсақ ол жылына 2 млрд теңге. Ол көп қаражат емес. Біздегі баспа ісі сіз ойлағандай, мен ойлағандай кәрі құрлық- Еуропадағыдай даму деңгейінде емес. Біздегі шығарылатын кітаптардың тиражы 1000 әрі кетсе 5000-нан аспайды.

Ғылымның дамуына жеке компаниялар да атсалысуы керек

Ал, депутат Нартай Сәрсенғалиев мемлекет басшысының ғылымға көңіл бөлу керек деген тапсырмасын тиісті деңгейде орындау маңызды дейді. Оның сөзінше, заң бойынша жер қойнауындағы қазба байлықтарды өндіретін компаниялар ғылымға табысының 1 пайызын бөлуі керек. Бірақ,олар міндетін орындамай отыр. Ал, ғылыми орталықтар мен ғалымдар мемлекеттің бюжетке қол жаюға мәжбүр. Сондықтан компанияларды ғылымға қаржы құюға міндеттеп, арнайы қор құру керек деп премьер министрге депутаттық сауал жолдады.

Нартай Сәрсенғалиев, ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты:

Арнайы қор болатын болса бір орталыққа түседі. Қанша ақша жиналғанын білеміз. Қай компанияның қанша салғанын білеміз және оның жұмсалуын арнайы комиссия бақылауы керек. Ол салапшылар мемлекеттің қол астында қалмауы керек. Нақты, тәуелсіз осы саланы білетін сарапшылар болуы керек дедім.

Майдангерлердің есімімен аталатын ордендерді тағайындау керек

Сондай-ақ депуттар президенттің майдангенлердің рухына тағзым етіп, олардың ерлігі әділ бағалануы керек деген пікірін қолдап отыр. Және олар мемлекет басшысының Бауыржан Момышұлы, Рақымжан Қошқарбаев, Сағадат Нұрмағамбетовтың есімдерімен аталатын арнайы ордендерді тағайындау керек деген ұсынысын кідіртпей жүзеге асыру қажет деп есептейді.

Еділ Жаңбыршин, ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты:

Президенттің бұл ұсынысы адамзат тарихында бұрын соңды болмаған. Миллиондаған адамның өмірін жалмаған екі дүниежүзілік соғыста от кешкен 1 млн 400 мың қазақстандық майдангердің рухына нағыз құрмет. Бұл отаншылдықты, ұлттық бірегейлілікті нығайтуға зор ықпал етеді.


Хабарламаларға жазылу