Абай облысындағы шалғай ауылдарға жоғары жылдамдықты интернет тартылып жатыр. Жақында Абай ауданындағы Тоқтамыс ауылына 4G желісі орнатылды. Ауыл іргесіндегі турист көп баратын Қоңыр әулие үңгірі маңында да заманауи байланыс жұмыс істеп тұр.
Жыл соңына дейін тағы екі ауылға антенналық бағаналы құрылғы орнатылмақ. Жалпы облыстағы 330 елдімекеннің 90-ға жуығында интернет жоқ. Мәселені шешу үшін аймақта жол картасы бағдарламасы әзірленген.
Жандос Сайлаубеков, Абай аудандық ТҮКШ бөлімінің басшысы:
2023 жылы ауданымызда Медеу және Саржал ауылдары интернетпен қамтылған. Бүгінгі күні, міне 2024 жылы Тоқтамыс ауылы интернет желісімен қамтылып отыр.
Ержан Жақып