Бельгияда фермерлердің ереуілі тәртіпсіздікке ұласты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бельгияда фермерлердің ереуілі тәртіпсіздікке ұласты

27.03.2024

Бельгияда фермерлердің ереуілі тәртіпсіздікке ұласты. Шаруалар 300 трактормен Брюссельге жиналып, қалада көлік қозғалысын қиындатты. Еуропалық институттар орналасқан алаңда фермерлер шөп, көліктің дөңгелегін өртеп, полиция қызметкерлерін жұмыртқамен, жарылғыш заттармен атқылады. Екі тәртіп сақшысы жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. «Адам өміріне қауіп төндірді» деген айыппен бір адам қамауға алынды. Полиция шерушілерге қарсы суатқыш пен көз жасаурататын газ пайдаланды.

Леонардо Болдозар, Жас фермерлер ұйымының жетекшісі:

Ауылшаруашылығы өнімдерімізді өткізе алмай, пайдадан қағылдық. Жаппай банкротқа ұшырап жатырмыз. Еркін сауда туралы келісімнің жойылуын талап етеміз.

Тома Бернар, Фермер:

Жағдайымыз өте қиын. Өзге елдердің арзан тауарларын сатып алуға тиым салмаса, құрдымға кетеміз. Оң шешім шықпаса, ереуілді күшейтеміз.

Нұрсұлу Қасым

Хабарламаларға жазылу