Үкімет: Тасқынмен күреске 2,5 мың адам жұмылдырылған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Үкімет: Тасқынмен күреске 2,5 мың адам жұмылдырылған

27.03.2024

Елімізде тасқынға қарсы күреске 2,5 мыңнан астам адам мен 700-ге жуық техника жұмылдырылған. Бұл туралы Үкімет басшысына Төтенше жағдайлар министрі баяндады.

Сондай-ақ, премьер-министрге қар мен мұздың күрт еруіне байланысты және су тасқынына қарсы жүргізіліп жатқан жұмыстар жөнінде есеп берілді. Қазір Алматы, Ақмола, Ақтөбе, Батыс, Шығыс, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Қарағанды, Павлодар, Абай, Ұлытау облыстарында жедел штабтар құрылған. Олжас Бектенов, Төтенше жағдайлар министрлігіне өңірлердің әкімдіктерімен бірлесіп, су тасқынына қарсы жұмыстарды жалғастыруды және елдегі ахуал туралы тәулік сайын есеп беріп отруды тапсырды.


Хабарламаларға жазылу