Қазақстан-Қытай: 14 меморандумға қол қойылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан-Қытай: 14 меморандумға қол қойылады

27.03.2024

Қазақстан мен Қытай арасында бизнес пен туризм салаларына қатысты 14 түрлі келісімшарт жасалады. 28-29 наурыз күндері Бейжіңде «Қытайдағы Қазақстан туризмі жылының» ресми ашылу салтанаты өтеді. Оған екі тараптан туризм, бизнес және өнер саласының 500-ге жуық өкілі қатысады. Келелі жиын туралы Бейжіңде жүрген тілшіміз Нұрсұлтан Тілектес тарқытып айтып береді.

Нұрсұлтан Тілектес, тілші:

2024 жыл - Қытайдағы Қазақстан турзмі жылы. Осыған орай аспан асты еліне Қазақстаннан 250-ге жуық түрлі сала өкілінен құралған арнайы делегация келді. Күні ертең Туризм және спорт министі Ермек Маржықпаев бастаған бірнеше өңірдің әкімі, бизнесмендер, туристік сала өкілдері қытайлық әріптерімен маңызды келісімдер жасмақ.
Ержан Еркінбаев, ҚР Туризм және спорт вице-министрі:

14 меморандумға қол қойылады. Мымалы “Frankfurt messe” әлемдегі ең үлкен көрме компаниясы Қазақстанда өкілдігін ашады. Ол Қазақстанда ашылса, дүниежүзілік үлкен, көлемді көрмелер Қазақстанда өтеді.
Нұрсұлтан Тілектес, тілші

Ресми мәліметтерге сүйенсек, былтыр 80 мыңға жуық қазақстандық Қытайға саяхаттаса, аспан асты елінен Қазақстанға 200 мыңнан астам турист барған. Биыл бұл көрсеткішті 300 мыңға жеткізу жоспарланып отыр. Сырттан турист тартуға шекарада орналасқан өңірлер дайын болуы керек. Сондықтан қазақстандық делегацияның құрамында Қытаймен шектесетін бірнеше облыстың әкімдері бар. Тіпті, 150-ден астам өнерпаз шақырылған. Олар еліміздің мәдениеті мен салт-дәстүрін таныстырады.
Роза Рымбаева, ҚР Халық әртісі, қазақстанның еңбек ері:

Біздің ұлттық өнеріміз. Ұлттық шығармашылылығымыз. Дәстүрлі күй, ән жырымыз, биіміз. Ол енді ешбір жерде көрсетілмейтін, қайталантын дүние ғой. Ұлттық өнерімізбен қызықтырамыз деп ойлаймын.
Нұрсұлтан Тілектес, тілші:

Ресми статистикаға бойынша, 2019 жылы қытайлық туристер Қазақстан қазынасына 55 млн доллар құйған. Биыл бұл көрсеткіш екі есеге артады деген үміт бар. Оған бар мүмкіндік жасалады. Мысалы, екі ел арасындағы тіккелей әуе рейстері 30-ға дейін ұлғайтылмақ. Айта кету керек, 28-30 наурыз арасында өтетін шарада Қазақстан тарапы Қытайдың 7 ірі қаласында топ-20 отандық туристік орынды таныстырады.

Хабарламаларға жазылу