Қазақ пен өзбек халқы екі ел арасында 30 күн тіркеусіз жүре алады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақ пен өзбек халқы екі ел арасында 30 күн тіркеусіз жүре алады

28.03.2024

Қазақ пен өзбек халқы екі ел арасында 30 күн бойы еркін жүре алады. Ешқайда барып тіркеуге тұрудың қажеті жоқ. Бұған дейін мұндай мүмкіндік 5 күнге ғана берілетін. Бүгін Сенатта қаралған заңға осындай өзгеріс енгізілді. Құжатқа сәйкес, қос тараптың халқы 30 күн бойы ел аумағына кіріп-шыға алады. Транзитпен өтеді. Ал 30 күннен кейін құзіретті органға барып, уақытша тұруға рұқсат алу қажет.

Алишер Сатвалдиев, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

5 күнге келіп, бізге келген азамат немесе Қазақстаннан барған азаматтар 5 күннен кейін олар бюрократияға жолығады. Пропискаға тұру керек. Сондай қиындықтарға кезігіп келді. Осы уақытқа дейін. Енді екі ел азаматтары, көршілес ел ғой, бауырлас ел сол жерде 30 күн емін-еркін жүре алады. Бұл біршама уақыттан бері осы тұрғындардың талабы, сұранысы, өтініші болатын.

Самал Қабышева


Хабарламаларға жазылу