Елорда іргесіндегі Қоянды ауылында су тасқынына қарсы жұмыстар жалғасып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елорда іргесіндегі Қоянды ауылында су тасқынына қарсы жұмыстар жалғасып жатыр

28.03.2024

Елорда іргесіндегі Қоянды ауылында да су тасқынына қарсы жұмыстар үздіксіз жалғасып жатыр. Бүгін Астана мен Көкшетаудан 100-ден аса құтқарушы мен 35 бірлік техника көмекке келді. Жергілікті билік түн ортасында 4 үйдің ішін су басып кеткенін жеткізді. Алайда қазір жағдай тұрақталды деп отыр. 40 мыңнан аса тұрғыны бар ауылды судан тазартуға ауданның барлық күштік құрылымы жұмылдырылған.

Асхат Ақылжанов, Ақмола облысы ТЖД басқарма бастығығының орынбасары:

Біз қазір күшейтілген режимде жұмыс істеп жатырмыз. Еріген қардың суын шығаратын 40-тан аса құрылғы бар. Олар түнімен қосулы болады. Суға кету қауіпі алдында тұрған үйлерді анықтау үшін көше-көшені аралап жүрміз. Әзірге ондай жоқ. Көбінің ауласына су толып қалған. Осыған дейін 100 мың текше метрге жуық еріген су тартылды.


Хабарламаларға жазылу