Алматыда бір ғасырға жуық тарихы бар ипподром әзірге сүрілмейді. Мұны Алматы әкімі Ерболат Досаев, аудан халқымен кездесуде айтты. Былтырдан бері ипподромның орнына жаңа көпқабатты тұрғын үй салынуы мүмкін дегенді естіген тұрғындар, бұл мәселені әкімнің өзінен сұрауға арнайы барған. Сондай-ақ, осы уақытқа дейін жекенің иелігендегі демалыс орнын атбегілер енді жалға ала алмай отырғандарын айтады.
Наталья Орлова, қала тұрғыны:
Мен өзім атбегімін. 30 жылдан бері осы ипподромды жалдап, ат баптап келдім. Қазір бізге жалға бермейді. 23 наурызда жаңа қожайындары ат қораға баратын жолдарды эксковатормен қазып, аумақты жауып тастады.
Ерболат Досаев, қала әкімі:
Ипподром жеке кәсіпкердің иелігіндегі жер болса да, Бас жоспарда кем дегенде 2040 жылға дейін «ипподромның жұмыс істелуі керек» деп көрсетілген. Сәйкесінше, заң бойынша оны бұзуға болмайды.
Айдана Қуантхан