Астанада белгілі тарихшы Мұхит-Ардагер Сыдықназаров бірқатар тарихи зерттеулерге қатысты дәріс өткізді. Отандық ғалым қазақ атауы кездесетін ортағасырлық 130-дан астам картаны бір кітапқа біріктірген. Құнды деректер қазақ мемлекетінің даму кезеңдерін айқын бейнелейді. Тарихшы авторлық лекциясында зерттеу жұмысының негізгі нәтижелеріне тоқталып, қазақ мемлекеті туралы тарихи деректермен бөлісті. Іс-шараға тарихшылар, мемлекеттік қызметкерлер, орта оқу орындарының тарих мұғалімдері, сарапшылар, Қазақстан тарих ғылымының маңызды жаңалықтарына қызығушылық танытқан білім өкілдері қатысты.
Аида Ахметбек