Қытайдың көп бөлігінде күн күркіреп, бұршақ жауды. Кейбір жерлерде оның диаметрі 69 миллиметрге жеткен. Және де жергілікті синоптиктер ауа-райының алдағы екі күнде де аса қолайсыз болатынын хабарлап отыр. Осыған байланысты Чунцин, Гуйчжоу, Хунань, Фуцзянь, Гуандун және Гуанси қалаларында халыққа сақ болу туралы ескерту жасалған. Ал Цзянси провинциясының астанасы Наньчанда қатты жел жылыжайларды, ағаштарды және көше шамдарын құлатты.
Дегенмен, қаза тапқан немесе жараланған адамдар туралы мәлімет түскен жоқ.