Батыс Қазақстанда 5 тарнсшекаралық өзеннің суы нормадан 4 метр асып кеткен - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Батыс Қазақстанда 5 тарнсшекаралық өзеннің суы нормадан 4 метр асып кеткен

01.04.2024

Батыс Қазақстан облысындағы 5 тарнсшекаралық өзеннің суы нормадан 4 метр асып кеткен. Ал, олардың ағу жылдамдығы секундына 492 текше метр. Мұндай көрсеткіш соңғы рет 1994 жылы тіркелген. Сондықтан қазір өңірдегі қауіпті аумақтарда құтқарушылар күшейтілірілген режимде жұмыс істеп жатыр.

Қазірге дейін 4 мыңнан астам адам қауіпсіз аймаққа эвакуацияланған. Облыста 4 эвакуациялық пункт жұмыс істеп тұр, тағы үйшеуі дайын тұр. Зардап шеккен тұрғындарға қандай көмек көрсетіледі? Бұл сұраққа Батыс Қазақстан облысының әкімі - Нариман Төреғалиев жауап береді.

Нариман Төреғалиев, Батыс Қазақстан облысының әкімі:

Тұрғын үйі суға кеткен адамдарға мемлекет тарапынан қолдау болады. Қазіргі кезде осы өңірімізде болып жатқан жайттарға бейжай қарамайтын кәсіпкерлер, волонтерлер, кәсіпорын басшылары мен мемлекеттік органдар бір адамдар жұмылып, жан-жақтан қолдау білдіріп жатыр. Қазір азық-түлік қоры әзірленіп, Қаратөбе, Теректі басқа да аудандарға жеткізіп жатыр.

Ардақ Мұратқызы

Хабарламаларға жазылу