Түркістан облысының төтенше жағдайлар қызметкерлері Солтүстік Қазақстан облысына көмекке аттанды. 54 адамнан құралған топ қауіпті аймақтарда бөгеттер салып, тасқынның алдын алады. Қарғын су шайған аймақтарды қалпына келтіру жұмыстарына атсалысады. Ол үшін құтқарушылар өздеріне қажетті техниканың барлығын алып кетті. Дәлірек айтқанда 9 арнайы көлік пен 15 мотопомпа, 3 қайық және техникалары мен төсек орындарын да алған.
Айнұр Әбілқасымқызы