Ғылыми және білім беру ресурстарын дамытуды күшейту керек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ғылыми және білім беру ресурстарын дамытуды күшейту керек

03.04.2024
0:00:00
0:00:00

Ғылыми қоғамдастық үшін ғылыми инфрақұрылымға қолжетімділікті кеңейту керек. Назарбаев университетінің өнеркәсіптік өндірістерге жақын орналасқан өңірлік жоғары оқу орындарымен өзара іс-қимыл жасау мәселелеріне ерекше назар аудару қажет. Бұл туралы Премьер-Министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен Жоғары Қамқоршылық кеңесінің отырысында айтылды.

Үкімет басшысы университетьтің ғылыми және білім беру ресурстарын дамытуды күшейтіп, әзірлемелерін коммерцияландыру үшін өнеркәсіптік кәсіпорындармен әріптестікті нығайтуы қажет екенін жеткізді. Оның айтуынша, мұның барлығы ғылымның ел экономикасына қосатын үлесін арттыруға ықпал етеді. Зияткерлік мектептердің әлеуетін өңірлердегі мектептерді қолдау үшін барынша пайдалану керек, - деді. Ол үшін Үкіметтен қажетті қолдау болатынын жеткізді. Сондай-ақ, кеңес мүшелері жоғары оқу орнының жоғары функционалды зертханалары және ғалымдардың жаңа әзірлемелерімен танысты.

Ербол Абсалямов, Nazarbayev universityақылды жүйелер және жасанды интеллект институты директорының орынбасары:

Біздің университетте институтта жасанды интлекетті қолданып тілді қазақ тілін дамытуға үлес қосып жатырымыз. Біздің соңғы жобамыз «UMAІ» деп аталады. Ол яғни фотореалистік аватар. Кез келген адам сол аватармен қазақ тілінде әр түрлі тақырыпта сөйлесе алады. Үкімет, министрлік, басқа университеттер барлығымыз үлес қосып жатырмыз келешекте қазақша чат GPT істеу үшін. Сонда толық «UMAІ» біздің дәстүрімізге, біздің құндылықтарымызға сай толық сөйлесе алады. 


Хабарламаларға жазылу