Ыстанбұл қаласының Бешикташ ауданында 16 қабатты ғимаратта өрт болып, 29 адам көз жұмды. Олардың біреуі шетелдік екені анықталды. Өрт ғимараттың жертөлесінде орналасқан түнгі клубта болған. Өрт шыққан уақытта ол жерде жөндеу жұмыстары жүріп жатқан. Алдын ала болжам бойынша, от дәнекерлеу жұмыстары кезінде тұтанған болуы мүмкін. Мамандардың айтуынша, жөндеу жұмыстары кезінде қауіпсіздік техникасы сақталмаған. Құтқарушылар қайтыс болғандардың басым бөлігі құрылыс материалдарынан шыққан улы газға тұншығып өлгендерін айтады. Қазір қайғылы оқиғаға қатысты іс қозғалып, 8 адам қамауға алынды.
Дәуіт Гүл, ыстанбұл қаласының губернаторы:
Өрттің нақты себебін білмейміз. Әлі нақтыланып жатыр. Бірақ өлгендер мен жараланғандардың барлығы жөндеу жүргізіп жатқан жұмыскерлер. Бұл жер 1987 жылдан бері жұмыс істеп тұрған түнгі клуб. Қазір оқиғаға қатысты тергеу жүріп жатыр.