Бұлақтардан бастау алып, Шымкент қаласын қақ жарып ағатын Қошқарата өзені қызыл түске боялды. Мұны алдымен тұрғындар байқап, бейнекамераға түсіріп алған. Осыған байланысты экологтар өзен суынан сынама алды. Оның қорытындысы 5 күннің ішінде белгілі болмақ. Алдын ала болжам бойынша, әлдекімдер сойылған малдың қанын суға ағызған болуы мүмкін. Мұндай жағдай фауна мен экожүйенің бұзылуына алып келеді, - дейді мамандар.
Жалпы Қошқарата өзеніне қандай да бір заттарды тастауға тыйым салынған. Сондықтан болған жәйтқа байланысты полицияға шағым жазылды.
Ермахан Қозыбаев, қалалық экология департаментінің басшысы:
Алдын ала болжам бойынша қазіргі уақытта «Аммоний құрамдарының» өсуі болып тұр. Қан ба, бояу ма – әлі анықталған жоқ. Оны әлі зерделеу жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Өздеріңіз де көріп отырсыздар, полиция жұмылдырылған.