0:00:00
0:00:00
Қостанай облысында су тасқынынан зардап шекендерге өтемақы төлеу жалғасып жатыр. Бір апта ішінде бір реттік әлеуметтік көмек алуға 327 өтініш түскен. Оның барлығы қанағаттандырылып, жалпы сомасы 60 млн теңге төленді. Бір реттік әлеуметтік көмектің көлемі 50 АЕК – яғни 184 мың 600 теңге. Оны алу үшін азаматтар ауыл әкіміне немесе арнайы жасақталған комиссияға арыз жазуы керек. Екінші маңызды бағыт – тұрғындардың тасқыннан шеккен шығынын мемлекет есебінен өндіріп беру.
Алма Жүсіпова, облыстық қаржы басқармасы басшысының орынбасары:
Егер тұрған үйі, жиһазы, тұрмыстық бұйымдары, көлігі, ауылшаруашылық техникасы бүлінген немесе жарамсыз күйге түскен болса, оның құны толық өтеледі. Мал шығын болса да, солай. Әрине, барлық мүліктің, малдың құжаттары болуы шарт. Қазір арнайы комиссия шығынды есептеуді бастап кетті. Ауа-райы мұрсат берсе, сәуірдің соңына дейін бұл жұмыс аяқталады.