0:00:00
0:00:00
Жылу желілерін бақылау әкімдіктерден Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетіне беріледі. Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында «Жылу энергетикасы туралы» жаңадан әзірленген жеке салалық заңы талқыланды.
Энергетика министрі - Алмасадам Сатқалиевтің айтуынша, жылумен жабдықтайтын делдал компаниялардың да саны азаяды. Бұл қандай нәтиже бермек? Тікелей эфирге шыққалы тұрған тілшіміз Нұрсұлтан Тілектес айтсын.
Нұрсұлтан Тілектес, тілші:
Жылу желілерін бақылау функциясы әкімдіктен Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетіне беріледі. Мәжілістің жалпы отырысына қатысқан Энернегетика министрі Алмасадам Сатқалиев “Жылу энергетикасы туралы” жаңадан әзірленген заң жобасын таныстырып жатып осылай деді. Өйткені бұған дейін салаға бақылау жүргізетін әкімдіктер өздеріне жүктелген міндетті орындай алмаған. Жылу электр станцияларының ескіруі, апаттар соған айқын дәлел. Депутаттар жылумен жабдықтайтын делдал компаниялардың мәселесін көтерді. Энергетика министрінің сөзінше, қазір елімізде 100-ден астам делдал компания бар, соның 35-нің ғана жұмысы реттеледі. Сондықтан мемлекетке бағынбайтын делдарды қысқату жоспарланып отыр деді.
Жылумен жабдықтайтын делдал компаниядың санын азайту қандайда бір оң нәтиже бере ме?
Нұрсұлтан Тілектес, тілші:
Нәтиже береді. Мәселен жұмысы реттелетін делдал компаниялардың жабдықтау тарифінің бағасын мемлекет бекітеді. Ал, жұмысы реттелмейтін делдалдар тарифтің құнын өздері бекітеді. Мәжілісітің жалпы отырысында еліміздің бірнеше облысында жаңа жылу электр станцияларын салу жоспары да талқаланды. Ол туралы алдағы шығарылымда тарқатып айтамыз.