Кісі азаптаған Ұлытау және Қарағанды облыстарындағы қызметкерлердің тергеуі аяқталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Кісі азаптаған Ұлытау және Қарағанды облыстарындағы қызметкерлердің тергеуі аяқталды

03.04.2024

Ұлытау және Қарағанды облыстарындағы күштік құрылымдардың 11 қызметкері азаптау дерегі бойынша жауапқа тартылмақ. Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Ұлытау облысы бойынша №62 мекемесі мен 6505 әскери бөлімінің қызметкерлеріне қатысты тергеу аяқталды.

Тергеу барысында түзету мекемесінің 7 қызметкері мен 4 әскери қызметкер жазасын өтеп жатқандарды қорқытып, күш қолданып, азаптағаны анықталды. Қазіргі таңда барлық күдіктіге бұлтартпау шарасы қолданылып, олар лауазымдарынан уақытша шеттетілді.


Хабарламаларға жазылу