Иерусалимде Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху мен оның үкіметіне қарсы шерулер үшінші күнге ұласты. Тұрғындар әсіре діндар еврей жастарын әскери қызметтен босатуға наразылық білдіріп жатыр. Демонстрация барысында министрлер кабинетінің отставкаға кетуін талап еткен ұрандар да көтерілді. Сонымен қатар, қазір Нетаньяху үкіметі қазан айында Хамастың оңтүстік аудандарына басып кіруіне жол бергені үшін үлкен сынға ұшырап отыр. Айта кетсек, сол шабуыл кезінде Израильде 1200 адам қаза тауып, жүздегені кепілге алынған.