Шымкенттегі бес шағын ауданда интернет желісінің ажыратылуына бір азаматтың электр тоғына түсіп қайтыс болуы себеп болған. Мамандардың айтуынша, бағанаға байланған интернет сымы тұйықталып, жоғары кернеулі қуат сол арқылы үйге барған. «Электр тарату мекемесі» осыны негізге алып, қауіпсіздік талаптары сақталмаған 5 шағын ауданды интернет желісінен ажыратуға мәжбүр болдық, - дейді.
Бақытбек Төреханов, «Оңтүстікжарық транзит» ЖШС Әл-фараби аудандық электр желілері мекемесінің бас инженері:
Шарттағы 11 талап пен 9 тармақша орындалмаған. Адам өміріне қауіп тудырмау үшін алдын ала шара қолданылды.