Шаруалардың несиесін 3 жылға шегеру керек - Мақсат Толықбай - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шаруалардың несиесін 3 жылға шегеру керек - Мақсат Толықбай

03.04.2024

Су тасқынына байланысты төтенше жағдай жарияланған өңірлердегі шаруалардың барлық шаруашылық несиелерін 3 жылға шегеру керек. Мәжіліс депутаты Мақсат Толықбай осындай ұсыныс айтты. Ақтөбе облысында болып, зардап шеккен тұрғындармен тілдескен депутат аймақтардағы жағдайдың ауыр екенін айтады. Оның сөзінше, өңірлерде тасқынның салдарымен күресуге техника жоқ. Техника былай тұрсын, құтқарушылар киетін су етік пен қайық тапшы.

Сондай-ақ, үйі қызыл судың астында қалған біршама азаматтың тиісті құжаттары жоқ екенін айтып, Премьер-министрге депутаттық сауал жолдады. Оған қоса, тасқынның алдын алу және оның салдарымен күреске арналған бірнеше ұсынысын жеткізді.

Мақсат Толықбай, ҚР Парламенті Мәжілісінің Депутаты, Amanat фракциясының мүшесі:

Бізге қазір жүйелі жұмыс керек. Біріншіден өзендердің жағасындағы су қорғау аймақтарын 4 шақырымға дейін ұзартуымыз керек. Одан кейін жер бөлетін кезде, үй салатын кезде қашықтықты сақтау керек. 03:28 Екіншіден өзен-көлдердің олар тасығанда еркін ағуы керек. Олардың қасында арналар болуы керек. Қауіпті аймақтарға су қоймалары керек. Одан кейін сол өзен-көлдің маңында орналасқан ауылдардың балансында техника болуы керек.

Нұрсұлтан Тілектес


Хабарламаларға жазылу