«Жарқын болашақ» бағдарламасының грантын 449 бала иемденді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Жарқын болашақ» бағдарламасының грантын 449 бала иемденді

03.04.2024

ҚазМұнайГаздың қаржыландыруымен жүзеге асқан «Жарқын болашақ» білім беру бағдарламасы аясында Маңғыстаулық 450-ге жуық бала элиталық білім алуда. Бұл жоба Ұлттық компанияның төрағасы Мағзұм Мырзағалиевтің тікелей бастамасымен жүзеге асты. Бүгінде жас өрендер республикадағы ең таңдаулы 33 білім ордасында оқып жатыр.

Бұл Бурабайдағы тау шатқалдарының бірінде орналасқан Iqanat иновациялық мектебі. Қазір осы жерде «ҚазМұнайГаздың демеушілігімен 100-ден аса бала білім алып жатыр. Ұлттық компания грант иегерлерінің оқу ақысын, жатақхана, жол және тамақтану шығындарын өтеп отыр. Сондай-ақ, колледж студенттері үшін жоғарылатылған шәкіртақы төлеп, қосымша қаржылық қолдау көрсетеді.

Ернар Нұрекен, «Iqanat» мектебінің 10 сынып оқушысы:

«Жарқын болашақ» бағдарламасы, «ҚазМұнайГаз» компаниясының атынан іріктеліп оқуға түскен болатынмын. «IQANAT» мектебі мүмкіндіктер мекені болған соң, тек қана білім жағынан ғана емес, өнерден де, әртүрлі саладан дамуға. Барынша көмектеседі. Бұрын-соңды күйді мен тек Ютубтан самоучка ғана үйреніп жүрдім де, ол осы жаққа келіп мен кәсіби түрде күйшілікті қолға алдым.

Табиғат аясында орналасқан оқу ордасының білім беру жүйесі де өзгеше. Алдымен оқушылардың ынтасына қарай кәсиби бағыт-бағдар беріледі. Кейін балалар өзі қызығатын пәніне қарай ордаларын таңдап алады. Мамандардың басты мақсаты ерекше атмосферада балалардың ойлау жүйесінде эволюциялық процесс әкелу.

Алмас Есбай, «Іqanat» мектебінің жоба маманы:

Қарапайым мектептегідей сыныптарға бөлінбейді, бізде. Ордаға бөлінеді. 14 орда бар. 14 ордада 26 оқушыдан оқиды.  Оқушылардың қазіргі таңда өте жоғары көрсеткіш көрсетіп жатқан оқушылар бар. IELTS ағылшын тілінен тест бойынша кейбір оқушыларда 8 бал алған оқушылар бар.

Бүгінде «Жарқын Болашақ» білім беру бағдарламасының оқу грантын Маңғыстау облысының 450-ге жуық жас тұрғыны иемденген. Олардың 147-сі элиталық мектеп-интернаттарында оқып жатса, қалғаны колледж студенттері.

Тәуірбек Бозекен,


Хабарламаларға жазылу