АҚШ-тың орталық батысында құйыннан кейін дүлей дауыл көтерілді. Көшелерді су басқан. Огайо, Пенсильвания және Индиана штаттарында инфрақұрылымға, тұрғын үйлерге айтарлықтай зақым келді. Бірнеше адам жараланғаны туралы мәлімет бар. Вирджиния және Оңтүстік Каролина штаттарында найзағай жарқырауы ықтимал. Ал Кентуккиде құйыннан кейін нөсер жаңбыр жауып, екпінді жел тұрды. Метеорологтар күшті дауыл әлі де басылмайтынын ескертіп отыр. Тұрақсыз ауа райы фронты елдің оңтүстік-шығысына қарай ойысып барады.