«AMANAT» партиясының Алматы облыстық филиалы су тасқынан зардап шеккен аймақтарға мыңнан аса резеңке етік жіберді. Бұдан бөлек, эвакуацияланған халық үшін гуманитарлық көмек жинау жұмыстары да қызу жүріп жатыр. Сондай-ақ, төтенше жағдай жарияланған өңір тұрғындарына көмек қолын созамын деген волонтерлер мен облыс тұрғындары үшін облыстық волонтерлі штабы сағат 09:00-ден 18:30-ге дейін жұмыс істейді. Осы уақыт аралығында гигиеналық заттар мен азық-түлік, дәрі-дәрмек сияқты халыққа қажет заттарды Қонаев қаласы Центральная көшесіндегі 19 үйде орналасқан қабылдау пунктіне өткізуге болады.
Аслан Күбентаев, «Amanat» партиясы алматы облыстық филиалы төрағасының орынбасары:
Біз сол жақтағы зардап шеккен аймақтардағы әріптестермен хабарласып, не көмек керегін сұрастырған болатынбыз. Енді ол кісілердің сұрауы қазіргі таңда резеңке етіктер мен жаңағы балаларға арналған аяқ киімдер сұраныста өте көп деді. Соны ескере отырып біздің партияластарымыз осы шараны ұйымдастырып отырмыз. Күшіміз бірлікте, алда барлығы жақсы болады, деген сенімдеміз.
Қазақстан халқы ассамблеясы зардап шеккен халыққа гуманитарлық көмек жіберді
Сондай-ақ, Қазақстан халқы Ассамблеясы «Жүректен жүрекке» арнайы жобасы аясында Қарағанды және Ақмола облысына гумманитарлық көмек жіберді. Волонтерлік орталық мүшелері азық-түлік, жылы киім секілді қажетті заттарды алып кетті. Сондай-ақ, волонтерлер зардап шеккен азаматтарға көмек көрсетеді