Су тасқыны басталғалы 19 мыңға жуық тұрғын қауіпсіз аймаққа көшірілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Су тасқыны басталғалы 19 мыңға жуық тұрғын қауіпсіз аймаққа көшірілді

04.04.2024
Су тасқыны басталғалы ел бойынша 19 мыңға жуық тұрғын қауіпсіз аймаққа көшіріліп, кейбірі эвакуцциялық орталықтарға орналастырылды.

Қазір өңірлерде тасқын қаупі сейіліп келеді. Дегенмен, сақтық шаралары тоқтатылған жоқ. Аймақтарда ахуал әуеден бақыланып, дрон көмегімен өзендер мен су қоймаларының жағдайы ұдайы тексеріліп жатыр. Айталық, Ақмола облысындағы Нұра, Шортанды, Колутон өзенінде, Абай облысындағы Уба өзенінде, Қарағанды облысындағы Сабырқожа өзенінде мұз жару жұмыстары жүргізілді. Бұл ауыл-аймақты қызыл судан сақтап, қауіптің алдын алуға септігін тигізеді.

Хабарламаларға жазылу