Алматыда жеткіншекті ұрған ер адам ұсталды. Сондай-ақ, оқиғаны бейнетаспаға түсірген екінші адам да қамауға алынды. Кешелі бері әлеуметтік желіге таралып кеткен бұл видеода жас баланы ересек адамның тепкілеп жатқанын анық көруге болады. Ал екіншісі видеоға түсіріп тұрып, «беттен ұрма» деп басу айтқан сыңай танытады. Жас балаға жәбір көрсеткендердің үстінен қылмыстық іс қозғалды.
Рустам Шарибаев, Қалалық ПД бастығының орынбасары:
Күш қолдану арқылы озбырлық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды.Күдікті анықталып, ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.Сонымен қатар, видеоны түсірген екінші қатысушы қылмыстық құқық бұзушылыққа қатысы бар деген айыппен ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.