Батыс Қазақстанда апаттар медицинасы орталығы көмек көрсетіп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Батыс Қазақстанда апаттар медицинасы орталығы көмек көрсетіп жатыр

04.04.2024

Батыс Қазақстан облысында апаттар медицинасы орталығының мамандары тұрғындарға дәрігерлік көмек көрсетіп жатыр. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің психологтары эвакуациялық орталықтарды аралап, зардап шеккендерге жәрдем беріп жүр. Әсіресе, балаларда жағымсыз реакциялардың пайда болу қаупін азайтуға, психикалық салдардың алдын алуға көмектесті.

Мамандар жедел желіге хабарласқан тұрғындарға да кеңес береді. Жалпы Төтенше жағдай министрлігінің апаттар медицинасы орталығы еліміз бойынша 800-ден астам адамға дәрігерлік көмек берген.


Хабарламаларға жазылу