Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен барды. Сапар барысында Президент өңірдің қарғын су басқан аумақтарын тікұшақпен аралап көрді.
Қазір 6 аудан мен Орал қаласын қызыл су басып, 500-ден астам үй мен 400-ден астам саяжайға су кірген. Су тасқынына қарсы шараларға екі мыңға жуық адам, 300-ден астам техника, 100 мотопомпа мен 1 тікұшақ жұмылдырылған. Әрі құтқару жұмыстарына Алматы және Маңғыстау облыстарының құтқарушылары атсалысып жатыр. Тасқынға байланысты 7 мыңдай адам қауіпсіз жерлерге көшірілген. Облыста олар үшін 17 эвакуациялық пункт бар. Бірақ аймақта тасқынның екінші кезеңі басталады дейді мамандар. Қазір соған қарсы ауқымды жұмыс жүріп жатыр.
Мемлекет басшысы сапар аясында эвакуацияланған тұрғындармен кездесіп, төтенше жағдайлар жөніндегі жедел штабтың отырысын да өткізеді деп жоспарланған.