Қостанай облысында су тасқынынан зардап шеккен өңірлердің 60 оқушысы сауықтыру орталықтарына жіберіледі. Бұл жұмыс оқу-ағарту Министрінің тапсырмасымен жүзеге асқалы отыр. Балалар демалыс орындарында 20 күн болады. Оқудан да қол үзбей, ойын-сауық бағдарламаларына қатысады. Емдеу-сауықтыру процедураларынан өтеді. Жолдама мен жол жүру ақысы тегін.
һ Қаламқас Қаратаева, Облыстық Білім басқармасының бас маманы:
7 сәуір күні 3-4 сыныпта оқитын 10 бала Алматыдағы "Бөбек" республикалық оқу-сауықтыру орталығына барады. Ал Павлодар облысының "Жас дәурен" лагеріне 50 бала 5-9 сыныптың аттанайын деп отыр. Оқу, құрал, киім-кешек, жеке гигиеналық заттармен тегін қамтамасыз етілген әр бала.
Дауренбек Әбдібек