Қарағанды облысының Шет ауданы тұрғындарына азық-түлік жеткізілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағанды облысының Шет ауданы тұрғындарына азық-түлік жеткізілді

05.04.2024

Қарағандыда Қазақстан халқы Ассамблеясының республикалық және өңірлік штабтары бірлесіп Шет ауданынының тұрғындарына гуманитарлық көмек жөнелтті. Облыс бойынша осы ауданда 4 ауылды қарғын су басуына байланысты жергілікті деңгейдегі төтенше жағдай жарияланған. Тасқын судың кесірінен 40- тан астам үйге су кірген. Мал шығыны да болды. Бүгін қаладағы Достық үйінде құрылған көмек қабылдау пунктінен алғашқы 2 жүк көлігі жолға шықты. Оларға азық-түлік, төсек-орын, дәрі-дәрмек пен гигиеналық заттар тиелген.

Акбаржон Исмаилов, ҚХА ассамблеясы төрағасының орынбасары:

Барлық өңірлер бойынша бізде 34 достық үйлері бар. Оларда қазақстандықтар азық-түлік, киім-кешек т.б. жинауда. Әр өңірде штабтарымыз бар. Қай ауданға, қай ауылға қандай заттар керек екенін бізге жеткізіп отырады.

Жандос Бақытұлы


Хабарламаларға жазылу