Су басқан Құлсары қаласында егіз ұл дүниеге келді. Атырау облысы әкімдігінің мәліметінше, нәрестелердің анасы Құлсары қаласындағы Жылыой аудандық орталық ауруханасында босанған. Алайда нәрестелер қауіпсіздік мақсатында жедел жәрдем көлігімен Бейнеу аудандық ауруханасына жеткізілген. Облыс әкімдігі нәрестелердің жағдайы бірқалыпты екенін айтты.
Эвакуация кезінде бесінші баласын дүниеге әкелді
Сондай-ақ, Құлсары қаласының 44 жастағы тұрғыны Маңғыстауға эвакуациялау кезінде, жедел жәрдем көлігінде бесінші баласын дүниеге әкелді. Қазір ана мен бала Бейнеу аудандық орталық ауруханасында дәрігерлердің қарауында.
Нұрсұлтан Нұрсейіт