Ерлан Қарин: Республикалық ақпараттық штаб құрылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ерлан Қарин: Республикалық ақпараттық штаб құрылды

06.04.2024

Су тасқынына байланысты Орталық коммуникациялар қызметінде, «Республикалық ақпараттық штаб» құрылды. Бұл туралы мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин әлеуметтік желіде жазды. Айтуынша, бұл штаб БАҚ өкілдерін құзырлы органдардан түскен мәліметпен тәулік бойы қамтамасыз етеді. ((ЦИТАТА)) «Бүгіннен бастап Төтенше жағдайлар, Қорғаныс, Ішкі істер министрліктері, Казгидромет және басқа да мекеме өкілдерінің қатысуымен, қосымша онлайн брифингтер ұйымдастырылады. Төтенше жағдай жарияланған 10 аймақтан жергілікті штабтармен он-лайн брифингтер жоспарланып отыр.» -дейді Ерлан Қарин.


Хабарламаларға жазылу