Бүгін Шымкент қаласындағы Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері тасқын судан зардап шеккен Атырау облысына гуманитарлық көмек жөнелтті. Олар шаһардың екі жерінен арнайы бекет ашып, екі күннің ішінде 20 тоннаға жуық түрлі заттар жинаған. Оның ішінде 11 тонна макарон өнімдері, 5 тонна ауыз су, 1 тонна химиялық заттар бар. Мұнан бөлек, жылы киімдер, жастық пен матрац, полиэтилен қапшықтар бар. Қайырымдылық көмгегінің соммасы 10 миллион теңгеден асады.
Этнос өкілдері қазіргі таңда төтенше жағдайға байланысты ашылған банктік есепшотқа қаржы аударуды жалғастырып жатыр.
Тахирбек Нышанбаев, Шымкент қаласы өзбек этномәдени бірлестігінің төрағасы:
Шымкент қаласы Ассамблеясы мүшелері, этномәдени бірлестіктері «Жүректен жүрекке» акциясы аясында қолдан келгенше көмек жіберіп жатырмыз. Тұрғындарға сабыр берсін, еліміз тыныш болсын. Мұндай жағдай енді қайталанып болмасын.