Ресейдің Орынбор облысы Орск қаласында екінші су бөгеті жарылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресейдің Орынбор облысы Орск қаласында екінші су бөгеті жарылды

07.04.2024

Ресейдің Орынбор облысы Орск қаласында екінші су бөгеті жарылды. Қазақстанмен шекаралас орналасқан өңірде төтенше жағдайлар режимі ұзартылды.

Индира Бегайдар, Тілші

Жайық өзенінің суы күрт көтеріліп, құны 1 миллиард рубль болатын бөгет бұзылды, ол осыдан 10 жыл бұрын салынған. 2020 жылы Ресей техникалық қадағалау қызметі бөгетке қатысты 38 ескерту тіркеген. Соңғы ақпаратқа сәйкес, 11 мыңнан астам адам эвакуацияланды. «Бұл Орынбор облысының тарихындағы ең көлемді су тасқыны»- дейді өңір басшысы. Ирикли су қоймасына түсетін су көлемі де артуда. Су жіберу секундына 2170 текше метрге дейін ұлғайтылып, су қоймасы 92 пайызға толған. Бір күнде екі рет су бөгетінің жарылуы-жағдайды қиындата түсті. Салдарымен күресу үшін, 600 маман, 160 техника, 70 қайық пен 13 дрон жұмылдырылды.

Индира, Орск Қазақстанға шекаралас орналасқан қала. Онда жағдай қашан тұрақталуы мүмкін? Жергілікті билік не дейді?

Ішек аурулары тарай бастады

Индира Бегайдар, Тілші

Алдағы 2 аптада жағдай бұдан да ушыға түсуі мүмкін. Бұл жергілікті биліктің пікірі. Қазір қаланы коммуналдық қызметтерін ретке келтіру, тұрғындарды таза ауыз сумен қатмамасыз ету мәселесі тұр. Өйткені тасқыннан Орскте ішек аурулары тарай бастады. Соңғы екі тәуліктің ішінде 18 тұрғын медициналық көмекке жүгінген. Оның 8-і ауруханаға жатқызылды. Дәрігелердің айтуынша, науқастардың дені крандағы лас суды тұтыныпты.

Индира Бегайдар

Хабарламаларға жазылу