Қазақстан қарулы күштері су тасқынымен күресуге қосымша күш-құралдар бөлді. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Қорғаныс министрлігі тасқынмен күресуге қосымша әскери құрамалар жіберді.Өткен тәулікте су апатынан зардап шеккен аудандарды құтқару шаралары барысында Қарулы күштерінің жеке құрамынан 700-ден астам адам, 21 бірлік әскери көлік, 5 армиялық авиация тікұшағы, бір әскери-көліктік авиация ұшағы жұмылдырылды.Әскери ұшқыштар 139 адамды тасымалдады, олардың ішінде ТЖМ құтқарушылары, әскери қызметшілер, зардап шеккен аудандардың тұрғындары бар. Әскери қызметшілер 12 мыңға жуық қап құм дайындап, төседі.