Құлсары қаласына Үкімет басшысы Олжас Бектенов барды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Құлсары қаласына Үкімет басшысы Олжас Бектенов барды

07.04.2024

Құлсары қаласына Үкімет басшысы Олжас Бектенов барды. Прмеьер-министр су басқан аумақтарды көріп, жергілікті билікке ең алдымен халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді, жыл орын ас сумен түгел қамтуды тапсырды. Тікелей байланысқа шыққан әріптесім Нұрсұлтан Нұрсейіт толығырақ баяндайды. Нұрсұлтан, сіз эфирдесіз.

 Нұрсұлтан Нұрсейіт Тілші

Үкімет басшысы тасқын судан қатты зардап шеккен Құлсары қаласының суға кеткен аумақтарын аралап, тұрғындармен тілдесті. Жаға бекіту жұмыстарымен танысып, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету басты мақсат екенін айтты. Кейін Атырауда штаб отырысын өткізіп, тасқыннан қорғауға арналған кешенді жоспар бекітілмек. 

 Серік Шәпкенов, Атырау облысының әкімі:

Қырқына шыдадық, енді бірі қалды. Судың беті әрі кетіп бара жатыр. Енді сәл шыдауымыз керек. Құлсары бәріміз бір қазанда тұрмыз ғой, жан-жақтан қысып тастады бізді. Сондықтан алдын-алайық, шыдап шықсақ сосын мына судың өзін жібереміз.

 7 ықшам ауданның тұрғындары түгел көшірілді

Құлсарыда ахуал әлі күрделі. Қауіпсіз жерге көшірілген тұрғындардың саны 30 мыңға жетті. Суға кеткен 7 ықшам ауданнан барлық тұрғындар эвакуацияланды. Енді Береке, СМП 224, 9 ауыл, Атамұра, Бірінші, Үшінші аудан, бесінші ауылдарға қауіп төніп тұр. Бүгін сағат 11 шамасында Құлсары қаласынан екі адамның мүрдесі табылды. Ақпаратқа сәйкес, 1974 жылы туған ер адам досымен бірге су басқан тұрғын үйді тексеру үшін трактормен бара жатқанда жолдан шығып аударылған”. Және тағы бір айта кететін жәйт кеше сағат 14:00-де екі тұрғын жоғалған. Әкесі мен баласы көліктерін тастап, үйлерін тексеруге жаяу кеткен. Қазір құзыретті органдар іздестіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. 


Хабарламаларға жазылу