Қарулы күштер құрамындағы 300-ге жуық сарбаз бен 32 әскери техника су тасқыны қаупі төнген өңірлерге жөнелтілді. Дені Құлсары қаласының аумағына жұмылдырылған. Бұл жайлы Қорғаныс министрлігінің ресми өкілі Руслан Жангулин Орталық сайлау комиссиясында мәлімдеді. Күш құрылымдарының негізгі міндеті – тұрғындарды эвакуациялау және су басқан аймақтарға құм төсеу. 27 наурыздан бері әскери тікұшақ 296 рет, ұшақ 7 рет ұшқан. 80 мың кг жуық гуманитарлық жүк тасымалданды.
Руслан Жангулин, ҚР ҚМ ресми өкілі:
Құлсары қаласының маңында құтқару жұмыстарына жұмылдырылып отыр. Одан бөлек, Жем өзенінің бойында жарылыс жұмыстарын ұйымдастырып, оның арнасын кеңейті мақсатында жаралыс жұмыстары ұйымдастырылып жатыр.