Бір ғана Құлсары қаласынан екі күннің ішінде 7 мыңға жуық адам "Теңіз мұнай кен орны" аумағына көшірілді. Олардың басым бөлігі көп балалы аналар мен қарттар. Қазір уақытша қоныс ретінде оннан астам вахталық қалашықта орындар әзірленді. Эвакуация әлі де жалғасып жатыр. Келген тұрғындар ыстық тамақ, медициналық көмекпен қамтылған.
Мұнда балалардың алаңсыз сабақ оқып, ойнауы үшін де жағдай жасалыпты. Тіпті, спорттық залдарға да мүмкіндік беріліп отыр. Мұнайшылардан арнайы еріктілер тобы да құралған. Олар тұрғындарды қауіпсіз жерге көшіру жұмысына атсалысып жатыр.
Осы ТШО компаниясы Құлсарыдағы су тасқынының салдарын жоюға 2 млрд теңге қаражат бөледі. Қазірдің өзінде кеніш тасқын құрсауында қалған моно қалаға көмек ретінде 90 нан атсам мамандандырылған техника мен 30 автобус жіберген.
Айбек Қырамбаев «Теңізшевройл» Компаниясының Үкіметпен Және Жұртшылықпен Байланыс Бөлімінің Бас Менеджері:
Теңізшевройл осындай қиын қыстау кезде Атырау тұрғындарымен және Қазқстан халқымен бірге. Бұл бөлінген қаражат аймақ тұрғындарының су тасқынының тікелей салдарын жоюға және зардап шеккендердің тұрмысын қалпына келтіруге септігін тигізетін маңызды үлес болып табылады.