Су тасқынынан зардап шеккен тұрғындырға көмек қолын созғандар қатары күн санап көбейіп келеді. Әсіресе еліміздің оңтүстік өңірінің халқы ұйымшылдық танытып, жылу жинап, гуманитарлық заттар тиелген жүк көліктерін жөнелтуді бастады.
Талдықорған өңірінде жүк таситын жүргізушілер бірігіп, бірнеше күннен бері қала тұрғындары мен жомарт жандардан гуманитарлық көмек жинап жатыр. Ең қажет деген заттар мен бұзылмайтын азық-түлік қорын қосқанда жүк көлемі 40 тоннаға жуықтады.
Ирина Чен Жетісу Облыстық Іскер Әйелдер Қауымдастығының Басқарма Төрайымы
Біз аз ғана уақыт ішінде ең қажет деген заттар жинап шықтық. Оның ішінде әйелдер мен балалар киімі, гигиеналық заттар, жылдам бұзыла қоймайтын азық-түлік бар. Бұл көлік Ақтөбе облысына кететін болса, Атырау мен Оралға қаржылай көмек береміз.
Түркістан облысы Келес ауданының халқы да бір аптадан бері жылу жинап, екінші рет гуманитарлық көмек жөнелтті. Ақтөбе облысына кеткен жүк көлігіне жергілікті халық ең қажеттіні тиеді.Барша аудан тұрғындары атсалысып, 10 млн теңгеден астам қаржыға азық-түлік пен гигиеналық заттар, оқу құралдары сатып алынды.
Өмірәлі Арапбаев Келес Ауданының Тұрғыны
Штабтың бастығымен сөйлесіп, бізге керек затты спискогіге жазып берді. Продуктыден басқа керек заттарды. Мектеп оқушыларына дәптер, ручка, күрек, боти деген сияқты нәрселерді, күнделікті қолданатын гнәрселер, зубная паста деген сияқты нәрселерді полный алып, списогын түгендеп, мектептегі оқушылардың папкасына дейін дүгендеп, салып, артып қойдық. Құдай қаласа жарты сағатта жол жүріп кетеміз.
«Күшіміз – бірлікте» акциясына үн қосқан аймақ жұртшылығы мен мешіт жамағаты 7 «Газель» жүк көлігін азық-түлік, дәрі-дәрмек, киім-кешек пен тұрмыстық заттарға толтырды. Қиындыққа тап болған көршілес өңірдегі ағайынға жәрдем беруге бір топ еріктілер де жолға шықты.
Болатбек Айтбенбетов Облыстық Волонтерлер Фронт-Кеңсесінің Жетекшісі:
20 тоннадан астам зат жиналды. Оның ішінде біздің Сыр елінің мақтанышы күріш бар. Одан кейін, су басқан өңірге қажет-қажет деген заттар күректер, жылы киімдер бар және азық-түліктер. Ол бізде бұзылмайтын азық-түліктер жиналды.
Осындай сындарлы сәтте ауызбірлік пен ұйымшылдық таныту әр қазақстандықтың парызы дейді тұрғындар. Аймақтағы тілшілер көмегімен Қуаныш Қанатұлы, Самат Оразалинов «Қазақстан» ұлттық арнасы.