Қостанай облысында тасқынға қатысты жағдай ушығып барады. Қаратомар қоймасынан жіберілетін судың көлемін секундына 3300 текшеметрге жеткізген соң Тобыл арнасынан асып деңгейі 8 метрден артық көтерілген. Соның салдарынан өзен жағасындағы елдімекендерді бірінен соң бірін су басып жатыр. Тобыл өңірінен Дәуренбек Әбдібектің репортажы.
Қостанай облысында тасқынға қатысты жағдай ушығып барады. Қаратомар қоймасынан жіберілетін судың көлемін секундына 3300 текшеметрге жеткізген соң Тобыл арнасынан асып деңгейі 8 метрден артық көтерілген. Соның салдарынан өзен жағасындағы елді-мекендерді бірінен соң бірін су басып жатыр. Тобыл өңірінен Дәуренбек Әбдібектің репортажы.
Дәуренбек Әбдібек Тілші
Бұл Қостанай қаласының жағалау көшесі. Қарсы бетте Тобыл қаласы. Өзен деңгейі көтеріліп осы екі ортадағы еңісті түгел су басты. Өзенге жақын орналасқан бизнес нысандыр, тұрғынүйлер белуарынан суда тұр. Соңғы ақпарат бойынша Қостаанй қаласының өзінде 80 үйді су басқан. Бірақ жағдай сәт сайын өзгеріп жатыр.
Жағаға жақын жерде жанталасқан жұрт. Еріктілер, әскерилер, барлық қызмет түрлерінің өкілдері қапқа құм толтырып, жағалауды бекітіп, топан судан келер зардапты азайтуға барын салып жатыр.
Батырхан Амандосов, Отставкадағы Әскери Қызметкер:
Қиналған жұртқа айтарым – ең бастысы бізде ауызбіршілік болсын. Біз халықпен біргеміз. Бірлыгымыз мықты болса бұл қиындықты жеңеміз.
Су тасқыны басталғаннан бері 7 жарым мыңнан аса адам құтақарылды. Облыс бойынша апатқа қарсы күреске күштік құрылымдардың 2 мыңнан аса сарбазы жұмылдырылған. Олардың басты міндеті адамдарды аман сақтап, мейлінше қауіп қатердің алдына алу.
Болат Иманов, Қалалық Полиция Басқармасының Бастығы:
Біз қазір Қостанай мен Тобыл қаласын жалғайтын көпірдің жанында тұрмыз. Құм толтырған қапшглықтармен жолдың жиегін бекіту жұмысы жүріп жатыр. Бұл жерде ұлттық гвардия сарбаздары, академия тыңдаушылары, полициця және еріктілер жұмыс істеп жатыр.
Қостанай қаласында үйлер мен бизнес ныснадарынан басқа үш саяжай қоғамын су басқан. 7 көшенің тұрғындары түгел көшірілді. Бір күнде 800-ге жуық адам эвакцуацияланған. Тобыл қаласы мен Заречный кентінің құрамына кіретін елді -мекендерді де су басып жатыр. Олардың нақты саны әзір белгісіз. Құтқарушылар қолдан келгенше жан – жануарларды да аман алып қөалуға тырысуда.
Түс ауа ресми орындар Қаратомардан жіберілетін су көлемі 50 текшеметрге азайды. Алайда әзір Тобыл өзенінің деңгейі көтерілмесе төмендемей тұр.
Дәуренбек Әбдібек