Атырау облысы Жылыой ауданында қоғамдық қауіпсіздік бақылауда. Ол үшін тәртіп сақшылары күні-түні қызмет етуде. Сонымен қатар аймаққа жан-жақтан гуманитарлық жеткізіліп жатыр. Әріптесім Нұрсұлтан Нұрсейіт рет-ретімен баяндайды.
Нұрсұлтан Нұрсейіт, тілші:
Полиция департаменті Құлсары қаласында ұрлық дерегі тіркелмегенін айтады. Қазір 225 полиция қызметкері және 125 Ұлттық Ұлан сарбазы қоғамдық қауіпсіздікті тәулік бойы бақылап жатыр. Кеше суға кеткен екі адамның мүрдесі табылғанын хабарлаған болатынбыз, ал жоғалған екі адамды, яғни әкесі мен баласын іздеу жұмыстары әлі де жалғасып жатыр.
Әбдіғани Сейдуәлиев, облыстық Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары:
Бұлардың басты міндеті – қазіргі таңда су алған мөлтек аудандар мен ауылдарда қоғамдық қауіпсіздік қамтамасыз ету. Яғни ұрлыққа жол бермеу, тонауға жол бермеу. Күндіз-түні екі ауысымда жұмыс атқарудамыз. Қазіргі таңда ешқандай ұрлық, тонау фактілеріне жол берілген жоқ
Нұрсұлтан Нұрсейіт, тілші:
Тасқын сумен бірнеше күннен бері күресіп жатқан жылыойлықтарға жан-жақтан қолдау көрсетіліп жатыр. Кеше Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласынан Жылыой ауданына 40-қа жуық арнайы техника келіп, қауіпті деген аймақтарға бөлініп берілді.
Нұрболат Сарманов, Жылыой ауданы әкімінің орынбасары:
Су тасқынына қауіпті аймақтарға бөгет салуға, сонымен қатар қала ішіндегі кейбір қауіпті ықшам аудандарына бөлінеді. Барлығы анықталып тұр. Өзінің жауапты мамандарымен бірге біз бөліп береміз. Бұйырса сонымен қатар жұмыс күштері де келе жатыр 100-ге жуық. Гуманитарлық көмек бар. Оны да №6 мектепке белгілеп, сонда түсіретін боламыз.
Нұрсұлтан Нұрсейіт, тілші:
Жаға бекіту жұмыстары әлі де тоқтаған жоқ. Дегенмен су деңгейінің төмендегені байқалады. Осындай қиын шақта қолдау көрсеткен өңірлерге Жылыой халқы алғысын білдіруде. Маңғыстау облысынан тек техника емес, азық-түлік пен киім-кешек те жеткізіліп жатыр.
Нұрсұлтан Нұрсейіт