М.Заппаров: Су басқан аймақты зерттеп, тоспа салу керек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

М.Заппаров: Су басқан аймақты зерттеп, тоспа салу керек

09.04.2024

Су басқан аймақтарды тыңғылықты зерттеп, алдағы уақытта тоспа салу қажет. Мамандардың пікірінше, еріген қар суын бұру және жинақтау технологиялары әлемдік тәжірибеде кеңінен қолданыла бастаған. Яғни, «Қазгидромет» беретін болжамға байланысты су қоймаларында тиісті көлемді жинақтап, жазға қарай толу үшін көктемде тасқын судың көлеміне қарай орын қалдырылады.

Медетхан Заппаров, Геология және минерология ғылымдарының кандидаты:

Ғылыми-техникалық тұрғыдан қарау керек. Ол жердің бәрін зерттеп, сол суды тоспалар жасап, мүмкіндігінше ұстап қалсақ, кейін оны ауылшаруашылығына пайдалануға болатын еді. Сол үшін оны зерттеу керек. Егер рельеф мүмкіндігі су қоймасын жасауға болатын болса соларды сақтап қалу керек.


Хабарламаларға жазылу