Экс-министр Қуандық Бишімбаевтың сот тыңдауы жалғасып жатыр. Кешелі-бері күәгерлерден жауап алынуда. Бүгінгі процессте БАУ мейрамханасының қызметкерлері күәлік берді. Олардың сөзінше, Бишімбаев пен Нүкенова арасындағы жанжал ара-тұра қайталанып тұрған. Марқұмның құрбысы да өзі куә болған жайттарды баяндады. Оның айтуынша, айыпталушы Салтанаттың жанынан бір адымға алыстамай, үнемі бақылауда ұстаған. Сондай-ақ, куәлік берген медициналық сарапшы, марқұмның қандай жарақаттардан, қалай көз жұмғанын айтып берді. Ол Нүкенова алған соққыларды манекенге бейнелеп көрсетті. Сарапшының сөзінше, марқұмның беті мен басына 12-13 ауыр соққы тиген және мойнында қылқындыру белгілері болған.
Динара Жарқынбек